Министрлік санкцияға іліккен қазақстандық компанияға қатысты мәлімдеме жасады

0
649

Қаржы министрлігінің дерегіне сүйенсек, компанияның қызметі 2021 жылдан бері тоқтатылған.


Министрлік санкцияға іліккен қазақстандық компанияға қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі "Defence Engineering" компаниясын АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) SDN санкциялар тізіміне енгізгенін растады, деп жазады sputnik.kz.

ҰЭМ хабарлағандай, кәсіпорын Астанада тіркелген. Бүгінде оның қызметі белсенді емес.
Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, компанияның қызметі 2021 жылғы 14 ақпаннан бастап тоқтатылған. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кәсіпорынға ерекше тауарларды өткізуге лицензия, рұқсат берілмеген.
"Біз компанияның санкциялар тізіміне енгізілуін оның иесі Ашот Мкртычевтің АҚШ санкциясында болуымен байланыстырамыз. Айта кетері, Мкртычев Қазақстан резиденті емес. Компанияның санкциялар тізіміне енгізілуі техникалық сипаттағы жәйт", - делінген ұлттық экономика министрлігінің мәлімдемесінде.
Ведомство ақпаратынша, бұл адам 2020 жылғы 7 наурызда Қазақстан аумағынан кетіп қалған. Одан кейін елге кірмеген.
Министрлік Мкртычевтің басқа юрисдикцияларда тіркелген тағы екі компаниясы санкцияға іліккенін атап өтті.
"Біз батыстағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Бұл компания бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп сендірді министрліктегілер.
Бұған дейін АҚШ "Солтүстік Кореямен байланысы үшін" Қазақстан, Ресей және Словакиядағы үш компанияға қатысты санкция енгізгені хабарланған болатын. Америкалық Қаржы министрлігінің мәліметінше, үш фирманың да Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бар.