Министрлік тырысқақ індетінің өршігені туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
464

​Әлеуметтік желілерде Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарында тырысқақ індеті шығып, судың зарарланғаны туралы жалған хабарлама тарап жатыр.


Министрлік тырысқақ індетінің өршігені туралы ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарында тырысқақ індетінің өршігені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Комитеттің мәліметінше, биыл Қазақстанда тырысқақ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Соңғы 10 жыл ішінде жергілікті жерден шыққан тырысқақ ауруы тіркелген жоқ.
"Алайда шетелден келгендер арасында кейде тырысқақ анықталып жатады, мәселен, 2017 және 2018 жылдары жұқпалы ауру 5 рет (келген туристерден) және 2019 жылы 4 рет (Үндістаннан келген қазақстандық туристерден) тіркелді. 2020-2022 жылдары тырысқақ әкелінген жоқ", - деп хабарлады салалық комитет.
Қазақстан аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және елге тырысқақты әкелудің алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық комитет пен оның аумақтық бөлімшелері (ғылыми орталықтар, департаменттер, обаға қарсы күрес станциялары) тырысқақтың және басқа да ішек инфекцияларының жұғу жолдары мен факторларын ескере отырып, тұрақты эпидемиологиялық бақылау жүргізеді.
Жыл сайын эпидемиялық маусымда сыртқы орта объектілеріне (өзен, су қоймалары, рекреация аймақтары) тұрақты бақылау жүргізіледі.
Жыл сайын ауыз судың 9 мыңға дейін, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының 2 мыңға дейін сынамасы, ұйымдастырылған жаппай рекреациялық су пайдалану орындарындағы су (демалыс аймақтары, бассейндер, фонтандар, аквапарктер), сондай-ақ тырысқақ бойынша эпидемиологиялық мәні бар жерлердегі судың 6 мыңға дейін сынамасы зерттеледі.

Тырысқақты жұқтырмау үшін не істеу керек

ішуге тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану. Қайнамаған судан дайындалған мұзды пайдаланбау;
тек белгілі және таныс қоғамдық тамақтану орындарына бару;
жемістерді, көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен жақсылап жуу;
тамақтану алдында қолды сабындап жуу, қол антисептігін (санитайзер) пайдалану;
тек бассейндерде немесе арнайы су қоймаларында шомылу;
сапарға шыққанда немесе сапардан келгеннен кейін денсаулық нашарлаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек.