Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні Батпаев орман шаруашылығында термометр бағаны -55℃ дейін түскен.
ERNUR.KZ. "Семей орманы" мемлекеттік резерватында соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді, деп жазады sputnik.kz.
Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні Батпаев орман шаруашылығында термометр бағаны -55℃ дейін түскен.
Резерваттың ғылыми қызметкері Айнұр Баймадиеваның хабарлауынша, мұндай төменгі температура орман аумағында бұрын соңды тіркелмеген. Тек 2018 жылы 26 қаңтарда минус 50-ге дейін төмендегені туралы жазбалар бар
Тау-Дала филиалындағы Үлкен Бөкен орманшылығында термометр бағаны минус 53 градусқа дейін түскен.
Резерваттың аумағындағы ең төменгі температура орташа алғанда 31 градустан 50 градусқа дейінгі аралықта болған.