Митинг кезіндегі журналистер ұстануы тиіс тәртіп ережесі жарияланды

0
685

БАҚ қызметкерлерінің өзгелерден ерекшелейтін белгісі болуы тиіс.


Митинг кезіндегі журналистер ұстануы тиіс тәртіп ережесі жарияланды

ERNUR.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің бейбіт митингілерде жұмыс істеу ережелерін бекітті, деп жазады zakon.kz.

2020 жылғы 28 тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 279 "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілген.

Қағидалар БАҚ-тың жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, атап айтқанда, мынадай негізгі ережелер көзделген:

1) журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету (сұхбат беру, брифингтер) үшін жергілікті атқарушы орган журналистерді БАҚ үшін Жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ бейбіт жиналыс өткізу кезінде өз өкілінің қатысуы жөнінде шаралар қабылдайды;

2) БАҚ үшін Жедел баспасөз орталығына бірыңғай талаптар қойылады;

3) айырым белгілерінің нысандары белгіленеді.

Жедел орталық және ЖАО өкілі Жедел баспасөз орталығы екі жағдайда ұйымдастырылады:

1) егер бейбіт жиналысқа қатысушылардың болжамды саны 200 адамнан асса;

2) жергілікті атқарушы органға жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының сұратуы бойынша.

Сондай-ақ жедел баспасөз орталығы мына шарттарға сәйкес келуі керек:

1) лентамен шектеу;

2) фото -, бейнетүсірілім жасау және сұхбат алу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету;

3) электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;

4) ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда дереу ден қою арқылы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бұдан басқа, журналистерді Жедел баспасөз орталығына алып бару, журналистерге бейбіт жиналысты ұйымдастырушылар мен қатысушылардан сұхбат, түсініктемелер алуға жәрдемдесу, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты өткізу кезінде өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етеді.

Айырым белгілерінің нысандары

Журналистің айрықша белгілерін кию қажеттілігі, ең алдымен, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бейбіт жиналыс кезінде журналистерді сәйкестендіру мақсатында қарастырылған. Бейбіт жиналыс процесін жариялау үшін журналистке ұсынылған ерекше белгілердің кем дегенде біреуі (кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма) болуы жеткілікті. Бұл ретте журналистті сәйкестендірудің басқа тәсілдері (бейджиктердің болуы және т.б.) айрықша белгілер болып табылмайды.

БАҚ немесе журналистердің айрықша белгілерімен өз бетінше қамтамасыз етілетініне назар аударамыз. Айқын көрінетін айырым белгілері бар журналистің жедел баспасөз орталығының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүріп-тұруға құқығы бар екенін атап өткен жөн.