Митинг өткізу үшін енді әкімдіктен рұқсат сұрамайды – Саиров

0
772

Митинг туралы жаңа заң.


Митинг өткізу үшін енді әкімдіктен рұқсат сұрамайды – Саиров

ERNUR.KZ. Енді қазақстандықтарға митинг өткізу үшін жергілікті билік органдарынан арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ. Бұл өзгеріс – ҚР президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің атқарған жұмысының нәтижесі, деп жазады baq.kz.

"Біздің еліміздегі саяси реформаның басы басталды деп айтуға болады. Парламенттік оппозиция жөнінде жаңа норма енеді. Бұл – біздің еліміздің саяси ландшафтын өзгертетін үлкен шешім. Өйткені, Парламентті, сонымен қатар жергілікті мәслихаттарда балама ой, балама бағдарламаларға жол береді. Екінші өте үлкен шешім – митинг туралы жаңа заң. Қазақстанда еуропалық стандарттар енгізіледі. Митингтерді өткізу үшін бұрындары сияқты әкімдіктерден рұқсат сұралмайды. Митинг өткізушілер шара өтетін жердегі мемлекеттік органдарға хабарлама беретін болады", - деді саясаттанушы Ерлан Саиров Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін кулуарда.

Сарапшы адам құқығы жөнінде 130 және 174 бапқа өзгерістер енгізілетінін айтып, өзгеріс еліміздің имиджін халықаралық аренада оң ықпал ететінін жеткізді.

Осы екі бап та өзгереді. Осы мәселелердің барлығы саяси либерализацияның жүзеге асырылып келе жатқанының куәсі. Қылмыстықтан әкімшілік іске ауысуды қоғам оң қабылдайды деп ойлаймын. Себебі, халықаралық деңгейде де бұл мәселе туғызған болатын. Ол Қазақстан имиджін халықаралық аренада да көтеретін болады, - деді ол.