МКҚ Астана аспанында байқалған жойғыш ұшақтарға қатысты пікір білдірді

0
426

Әлеуметтік желілерде астаналықтар әскери ұшақтардың видеоларын бөлісіп жатыр.


МКҚ Астана аспанында байқалған жойғыш ұшақтарға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары аспанында ұшып жүрген әскери ұшақтарды байқады. Оларға қатысты Мемлекеттік күзет қызметі (МКҚ) пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде астаналықтар әскери ұшақтардың видеоларын бөлісіп жатыр. МКҚ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл Су-30СМ истребительдері. Ұшақтар қоғамдық және саяси оқиғаларға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

"Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелері бойынша көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі", - деп толықтырды МКҚ.