Мобильді аударымдар: жеке тұлғалар 2025 жылдан бастап тексеріледі

0
545

2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.


Мобильді аударымдар: жеке тұлғалар 2025 жылдан бастап тексеріледі

ERNUR.KZ. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бойынша мәліметтерді бергенде қандай көрсеткіштерді ескеретіні жоспарланып отырғанын айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялардың критерийлеріне мыналар жатқызылған:

- жеке тұлға 3 күнтізбелік ай қатарынан банктік шотына ай сайын әр түрлі 100 және одан көп адамдардан ақша қаражаттарын алып отыруы.

Салық кодексінің шеңберінде 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша кезең-кезеңімен берілетінін көздейді.

  • 1-кезең.
    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша ақпарат беріледі.
  • 2-кезең.
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), бойынша ақпарат беріледі.
  • 3-кезең.
    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша ақпарат беріледі.
  • 4-кезең.
    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған барлық санаттары бойынша ақпарат беріледі.
    2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.

"Бұйрық жобасы жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудың алдын алуға бағытталған", - деді МКК өкілдері.