Мобильді аударымдарды тексеру жүйесі біртіндеп енгізіледі – қаржы министрлігі

0
554

Заң бойынша мобильді аударымдар туралы барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне түседі.


Мобильді аударымдарды тексеру жүйесі біртіндеп енгізіледі – қаржы министрлігі

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мобильді аударымдар қалай бақыланатынын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

Заң бойынша мобильді аударымдар туралы барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне түседі.
"Бірақ жеке тұлғалар арасындағы барлық аударым жайында мәлімет алмаймыз. Осыны ерекше атап өткім келеді. Әйтпесе, бүгінде барлығына бірдей болады деп түсініп жатыр. Жоқ, олай емес, нақты талаптар бар. Атап айтқанда, айына 100 және одан көп аударым жасалса, бұл үш ай қатарынан қайталанған жағдайда ғана барлық мәлімет бізге түседі", - деді Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, мобильді аударымдарға қатысты ақпарат та біртіндеп түседі. Бірінші кезең 2023 жылы басталады. Алдымен мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларына түскен мобильді аударымдардың артық көлемі бақылауға алынады.
"Екінші кезеңде квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді. 2025 жылда үшінші кезең басталады. Ол кезде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық азаматтың 100-ден асқан және үш ай қатарынан қайталанған аударымдары туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі", - деп атап көрсетті комитет басшысы.