Мобильдік ақша аударымына салық салынуы мүмкін

0
2 529

​Кәсіпкерлерге мобильді банк қосымшалары арқылы жіберілетін ақша аударымдарына салық салынуы мүмкін.


Мобильдік ақша аударымына салық салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның пікірінше, кәсіпкерлерге банктік мобильді қосымшалар арқылы тұтынушылардан түсетін ақша аударымдарын фискализациялау мәселесін шешуге ерекше назар аудару керек. Осы орайда Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне тапсырма берді.


«Біз қолма-қол ақшасыз төлемдер жақсы қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз. Оның көлемі екі таңбалы санмен өсіп жатыр. Сондай-ақ тиісті салықтарды төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметіне салық салуды толық қамту міндеті тұр»,– деді ол қаржы министрлігінің алқа отырысында.