Молдағасымова және дәрігерлердің жаппай COVID-19 жұқтыру ісі: тергеу қорытындысы шықты

0
487

Айзат Балтағұлқызына қатысты қызметтік тергеу жүргізілді.


Молдағасымова және дәрігерлердің жаппай COVID-19 жұқтыру ісі: тергеу қорытындысы шықты

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтер сапасы департаментінің бұрынғы басшысы Айзат Молдағасымоваға және Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлеріне қатысты тергеу аяқталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерінің жаппай COVID-19 жұқтыруына аурухана қызметкерлері тарапынан сақтықтың болмауы себеп болды, бұл санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын сақтамауға әкелді делінген жауапта.

"Сонымен қатар, Молдағасымова Айзат Балтағұлқызына қатысты қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу анықталған жоқ.
Айта кету керек, Молдағасымова Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы ретінде өзін сауатты маман, жауапты басшы ретінде көрсетті", - деді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері Орталық қалалық клиникалық ауруханаға қатысты жүргізілген эпидемиологиялық тексеру материалдары медициналық мекеменің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға жіберілгенін хабарлады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Айзат Молдағасымова Алматыдағы Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарады.