Моңғолия президенті 100-ге жуық қазақты марапаттады

0
1 212

Мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың нақты саны - 98.


Моңғолия президенті 100-ге жуық қазақты марапаттады

ERNUR.KZ. Наурыз мерекесіне орай, Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга сол елде тұратын бірқатар қазақ азаматын мемлекеттік медальдармен марапаттады, деп жазады BAQ.KZ. моңғолиялық БАҚ сілтеме жасап.

«Қазақ халқының Наурыз мерекесіне орай, Моңғолия Президентінің Жарлығымен білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл табысты қызмет атқарып келе жатқан 100-ге жуық азамат Моңғолия Республикасына Еңбегі сіңген қайраткер және басқа да мемлекеттік медальмен марапатталды», - делінген БАҚ таратқан ақпаратта.

Мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың нақты саны - 98.

Олардың қатарында «Моңғолия Республикасына Еңбегі сіңген қайраткер» атағы Баян-Өлгий аймағы Ауылшаруашылық басқармасының аға қызметкері Оңғар Жантөмірге берілді.

Сонымен қатар, Баян-Өлгий аймағы, Дэлүүн ауданы Жалпы орта мектебінің аға оқытушысы Хадан Қабисат «Еңбек сіңірген ұстаз» атағын иеленді.

Бұдан бөлек, 10 адам – «Еңбек Қызыл ту» орденімен, 53 адам – «Алтын жұлдыз» орденімен, 28 адам – «Еңбек Құрмет» медалімен, 2 адам – «Әскери намыс» орденімен және 1 адам – «Әскери Қызыл ту» медалімен, 1 адам – «Әскери Құрмет» медалімен, 1 адам – «Әділет» медалімен жеке-жеке марапатталды.