Монополияға қарсы агенттік "Шұбаркөл көмір" кәсіпорнына ескерту жіберді

0
1 992

Тауар биржалары арқылы өткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылар кейіннен көмірді халыққа сатады.


Монополияға қарсы агенттік

ERNUR.KZ. "Шұбаркөл көмір" АҚ-на монополияға қарсы заңнаманы бұзбау туралы ескерту жіберілді, деп жазады sputnik.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұрын "Шұбаркөл көмір" АҚ "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-ның тауар биржасын өздері өндірген коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттықты ұйымдастырушы ретінде айқындау туралы шешім қабылдаған.
"Алайда, "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-ның тауар биржасының әлеуетті мүшелері үшін шамамен 95 млн теңге мөлшерінде біржолғы кіру жарнасын белгілеген. Сол себепті агенттік "Modern Тrading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-ға ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберді", - деп хабарлайды бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігі.
Агенттіктің алдын ала ескертуін қарағаннан кейін біржолғы жарна мөлшері 20 млн теңгеге дейін төмендетілді, алайда көмір саудасы секциясы бойынша басқа тауар биржаларында кіру жарнасының мөлшері 150 мыңнан 3,5 млн теңгеге дейін өзгерген.
"Бұл ретте, "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-ның бұрын қолданыста болған 2023 жылғы 23 мамырға дейін тарифтеріне сәйкес резиденттер және резиденттер емес үшін біржолғы жарна 500 мыңнан 1 млн. теңгені құрады", - дейді ведомство.
Тауар биржалары арқылы өткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылар кейіннен көмірді халыққа сатады.
Бүгінгі күні "Шұбаркөл көмір" АҚ "Modern Trading Solutions" Тауар биржасы" АҚ-мен бірлесіп, 2023 жылғы қазанда биржалық тауарды жеткізумен коммуналдық-тұрмыстық көмірмен биржалық сауда-саттықты өткізу кестесі 28 тамыз - 1 қыркүйек аралығында бекітті.
"Осыған байланысты, Агенттік "Шұбаркөл көмір" АҚ-ға ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптары шеңберінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберді", - дейді агенттік.