МӨЗ-ге мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алуға рұқсат берілуі мүмкін

0
544

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.


МӨЗ-ге мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алуға рұқсат берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) мұнай өңдеу зауыттарына жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей мұнай сатып алу мүмкіндігін беруді ұсынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басты тауар нарықтарын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

"Атап айтқанда, мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру, сондай-ақ жалпы, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды жақсарту үшін МӨЗ мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алу, мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу, мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту және т.б. ұсынылды.
Тауарлық газ нарығын реформалау бойынша биржалық сауда-саттықты енгізу және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газға қол жеткізу ережелерін қабылдау ұсынылды, бұл жабдықтаушы ұйымдарға оны тікелей және бәсекелестік негізде алуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға бұл тәсілдерді ел экономикасына әсер ету тұрғысынан қосымша талдауды тапсырды.

Сондай-ақ, отырыста азаматтық авиация, қоғамдық көлік және қаржылық қызметтер нарықтарын демонополизациялау жөніндегі шаралар қаралды. Жалпы, Үкімет басшысы авиаотынмен биржалық сауда-саттық үлесін 10-нан 20 пайызға дейін арттыру, әуежайларда Ашық аспан режимін қолдану мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұлғайту, ел ішіндегі банктер арасында клиенттердің ағымдағы шоттарын аудару жүйесін және ашық банктік бағдарламалық интерфейстер стандарттарын (Open Banking и Open API) енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады.Сонымен қатар, отырыс барысында электр энергиясы, теміржол жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарын демонополизациялау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыты да алыс-беріс схемасы бойынша жұмыс істейді және жанармай бойынша бөлшек саудасымен айналыспайды. Барлық өнім провайдердің (ресурс ұстаушының) меншігі саналады.