Мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталы әзірленеді

0
1 756

Портал адамдардың жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік бермек


Мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталы әзірленеді

ERNUR.KZ. Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Портал адамдардың жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік бермек.

«Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуін күшейту арқылы Әлеуметтік қызмет пен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізуді көздеп жатырмыз. Бұл мұқтаж азаматтарға қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған орай биыл министрлік жаңадан Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ұлттық ресурс орталығын құрды. Бұл ұлттық ресурс орталығы әлеуметтік қызметкерлердің потенциалын арттыру, әлеуметтік қызметтердің мамандарын кәсіби әдістемелік қолдау, әлеуметтік инновацияларды модельдеу, жергілікті деңгейде жаңа қызметтерді пилоттау сияқты міндеттерді іске асыратын болады», - деді ол.