Мүгедектік бойынша бірқатар жәрдемақы қайта қаралады – Еңбек министрі

0
753

Оңалту болжамы қолайсыз адамдар үшін мүгедектік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды, бала 5 жылға немесе ол 16 жасқа толғанға дейін мүгедек деп танылатын көрсетілімдер кеңейтілді.


Мүгедектік бойынша бірқатар жәрдемақы қайта қаралады – Еңбек министрі

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы мәселе қаралды, деп жазады zakon.kz.

"Мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау Үкімет қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда бүгінде 705 мыңнан астам мүгедек бар, оның ішінде 430 мың адам еңбекке қабілетті жаста, 181 мыңы – зейнеткерлік жаста және 94 мыңы – балалар.

Жалпы, ағымдағы жылы әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз етуге 448 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. Елімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда.

Ұлттық жоспар 7 бағытты қамтитын 64 іс-шарадан тұрады, ол мүгедектік профилактикасы мен алдын алу, білім алуға қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаттарына сәйкес, мүгедек жандар мен қоғамның пікірлерін ескере отырып, біз биыл мүгедектік мерзімсіз белгіленетін қайтымсыз анатомиялық кемістіктердің тізбесін кеңейттік", — деді Б. Нұрымбетов.

Оңалту болжамы қолайсыз адамдар үшін мүгедектік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды, бала 5 жылға немесе ол 16 жасқа толғанға дейін мүгедек деп танылатын көрсетілімдер кеңейтілді.