"Мұғалімге Грузияға жолдама әперген": Ақтау мектебінде дау шықты

0
1 234

Ата-аналар өткен жылы мұғалімдер күніне сынып жетекшісіне Грузияға жолдама берілгенін қыста бір-ақ естіген.


ERNUR.KZ. Ақтаудағы №7 мектеп-лицейде білім алатын оқушылардың ата-аналары ақша жинау проблемасына шағымданды, деп жазады sputnik.kz.

Ақтау тұрғыны Анжелика Мельниктің баласы екінші сыныпта оқиды. Оның айтуынша, ата-аналар комитеті сынып жетекшісіне ақша жинап, Грузияға жолдама әперген.
"Мен ешқашан сыныпқа қажетті нәрсеге ақша беруден бас тартқан емеспін, бірақ бәрінің ақылға қонымды шегі бар. Өз сөзімді растау үшін ата-аналардың бірі былтыр біз жинаған ақшаға ешкімге ескертпестен сынып жетекшісіне Грузияға жолдама әпергенін айтқан дауыстық аудионы көрсете аламын", - дейді Анжелика Мельник.
Ол ата-аналар комитетінің әрекетіне наразылық білдіремін деп, жағымсыз адамға айналып шыға келгенін атап өтті.
"Ал менің баламның бағасы күрт төмендеп кетті", - дейді Анжелика Мельник.
Мұғалімнің Грузияға жолдама алғанын Шолпан есімді ата-ана растап отыр.
"Өткен жылы мұғалімдер күніне сынып жетекшісіне Грузияға жолдама берілді. Біз бұл туралы қыста ата-аналар комитеті ақшаның таусылғанын айтқан кезде ғана білдік. Бастапқыда сыныптың қажеттіліктеріне: су мен дәретхана қағазына тапсырамыз деп айтылды. Бірақ ешкіммен кеңеспей, мұғалімге қымбат сыйлық жасаған", - дейді ол.
Шолпанның айтуынша, ол ақша беруден бас тартып, сынып жетекшісінен ата-аналар комитетін тыныштандыруды бірнеше рет сұраған.
№7 мектеп-лицейінің директоры Гүлден Иманғалиева ешқандай ақша жиналмағанын және сыйлық ретінде мұғалім шетелге жолдама алмағанын айтады. Сынып жетекшісі де бұл ақпаратты жоққа шығарған.
"Мен мұғалімнің Грузияда демалыста болғанын білемін, бірақ ата-аналардың есебінен емес. Педагогикалық құраммен жүйелі түрде түсіндірме әңгімелер жүргіземін. Мұғалімдерге сыйлық қабылдауға тыйым салынғанын бәрі біледі", - деп түсіндірді Гүлден Иманғалиева.
Ақтау білім бөлімі ата-аналар ешқандай қосымша шығынды төлеуге міндетті емесекенін айтты, өйткені Қазақстанда орта білім тегін беріледі және мектепте жарнажинауға қатаң тыйым салынады. Ведомство шетелге жолдамаға қатысты мәселені тексеріп жатқанын айтты.