Мұғалімнің жағын сындырған ата-ана оқиғаның мән-жайын айтты

0
1 205

Қызының көңіл күйі жоқ екенін бірден байқапты.


Мұғалімнің жағын сындырған ата-ана оқиғаның мән-жайын айтты

ERNUR.KZ. 22 қаңтарда Қостанайдағы Горкий атындағы гимназияның екінші сынып оқушысының әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін соққыға жығып, жағын сындырған. Бұл туралы "Костанайские новости" тілшісіне оқу орны директоры Ирина Шушпанова мәлімдеді. Жаңалық жарияланғаннан кейін кейін редакцияға қыздың әкесі Жанболсын Дукеев келіп, оқиға бойынша өз нұсқасын баяндап берді, деп жазады tengrinews.

Ер адамның айтуынша, сол күні ол қызының сабақ үлгерімі жайлы сынып жетекшімен сөйлесіп, оны және көршінің балаларын мектептен алып шыққан. Ол қызының көңіл күйі жоқ екенін бірден байқапты. Кейін көлікте екеуі ғана қалғанда, қызы болған оқиғаны баяндап берген.

"Қызымды дене шынықтыру мұғалімі балағаттапты. Мен не деп айтқанын сұрағанда, ол "х" әріпінен басталатынын мойындады. Көлікті тоқтатып, болған оқиғаны толық баяндап беруін сұрадым. Ол әріптеп "х", "р", "е", "н" сөзін айтты. Негізінде, қызым құрбысымен басқа бір сыныптасының жанына келіпті. Сөйтіп мұғалім олардың біріне орнына отыруын сұраған, ал менің қызыма: "Какого хрена ты здесь находишься?" деген. Балам жылап жіберді. Мен бірден жарыма қоңырау шалып, сынып жетекшісіне хабарлауын айттым. Бірақ мұғалім телефонын көтермеді", - дейді оқушының әкесі.

Кейін ер адам қызымен мектепке оралған. Спортзалдан ешкімді таппай, мұғалімдер бөлмесіне көтерілген. Екінші қабатта дене шынықтыру мұғалімін көріп қалған.

"Мен одан: қызымды балағаттауға қандай құқың бар? деп сұрадым. Ол маған: Онда тұрған не бар? деп жауап қайтарды. Оны сол қол алақаныммен ұрып жібердім, содан кейін ол барлығын жоққа шығара бастады. Тағы да алақаныммен соқтым. Оның дене бітіміне қарап жұдырықпен ұруға қорықтым. Мен оны тепкенім жоқ, жұдырықпен де ұрмадым. Кейін ол адамар отырған сыныпқа қашып кірді, мен жанына келіп қызыма тиіспеуін айттым. Ол бірнеше рет баламды дәретханаға да жібермей қойыпты", - дейді ол.

Кейін бірнеше мұғалім мен оқушының әкесі оқу ісінің меңгерушісінің бөлмесіне жиналған. Дукеевтің айтуынша, дене шынықтыру мұғалімі басында айтқан сөздерін жоққа шығарған, бірақ қызы кіргенде ол кінәсін мойындапты. Сол мезетте мұғалімнің бетінде қан болмаған.

"Әр әке осындай әрекетке барады деп ойлаймын. Ұлым болса ештеңе демеуші едім. Ал бұл менің әлпештеп отырған жалғыз қызым. Оның әлі күнге дейін мектепке баруға ынтасы жоқ. Келесі күні мектеп директоры менімен кездесті. Шу шығармай, болған жайды мектеп қабырғасында қалдыруымды сұрады. Мұғалімді ауыстырамын деп уәде берді. Осы уақытқа дейін барлығы тынышталды деп келсем, кеше ол мұғалімнің маған полицияға арыз жазғанын білдім, жағы сыныпты-мыс. Өзімнің әрекетіме жауап беруге әзірмін, бірақ алдымен алақанмен ұрғаннан жақ сынғанын дәлелдеуі керек. Оқиғаға байланысты мен де арыз жаздым", - деп өзінің нұсқасын баяндады ол.

Еске сала кетейік бұдан алдын оқушының әкесі мұғалімнің жағын сындырғаны туралы жазған болатынбыз.