Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор тағайындалды

0
2 117

​Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директоры болып Асхат Мақсымұлы Маемиров тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор тағайындалды

фото: Tengrinews.kz

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директоры болып Асхат Мақсымұлы Маемиров тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Асхат Мақсымұлы Маемиров 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған. 1991 - 1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институты)ның филология факультетін бітірген. 1995 - 1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "драма режиссері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеновтың классын бітірген. 2008 жылы Қазақстан Республикасының президенітінің "Болашақ" халықаралық степендиясының иегері. Сол жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген. (Франция, Париж); 2008 жылы Париж Ұлттық өнер консерваториясының "драмалық өнер" мамандығы бойынша тағлымдамадан өткен (Франция, Париж); 2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алды.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015), қазақстандық театр режиссері. Қазақконцерт өнер бірлестігінің бас директоры (2017 жылдан). Философия ғылымдарының докторы (PhD 2016). Еске салайық, 7 ақпанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шыққан еді.