Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттағы комитетті басқаратын болды

0
875

Ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетін басқаратын болды.


Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттағы комитетті басқаратын болды

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Сенатындағы комитеттердің төрағалары сайланды, деп жазады Zakon.kz.

Сенатор Владимир Волков Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетті Мұхтар Құл-Мұхаммед басқаратын болды. Ол сенатқа осы жылдың 12 тамызында қайта сайланған.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің басшылығына Серік Жақсыбеков келді.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеттің тізгінін Мұрат Бақтиярұлы ұстады.