Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды

0
1 889

Сот «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысының өтінішін қанағаттандырмады.


Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды

ERNUR.KZ. Бүгін ШҚО №2 соты Семей қалалық соты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарады, деп жазады inbusiness.kz.

Жәкішевтің қорғаушысы сотталушының денсаулығы нашарлағанын, қан қысымы жоғары екендігін және оған үшінші топтағы мүгедектік берілгендігін алға тартып, оны шартты түрде бостандыққа жіберуді сұраған. Ол кесілген мерзімнің 10 жылын өтеді.

Дегенмен, сот бұрынғы шешімді күшінде қалдырды.

2010 жылы наурызда Жәкішев мемлекеттік бюджетті ысырап етіп, пара алғаны үшін айыпты деп танылған. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң тәртіпті колонияда жазасын өтеп жатыр.