Мұқтаж отбасылар Жаңаөзеннен Ақтауға көшіріліп жатыр

0
758

Алдағы уақытта 394 отбасы (1500 адам) баспанамен қамтамасыз етіледі.


Мұқтаж отбасылар Жаңаөзеннен Ақтауға көшіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтарын Ақтау қаласына көшіру мақсатында республикалық бюджеттен - 2,9 млрд теңге және «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен – 1,0 млрд теңге бөлініп отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Алдағы уақытта 394 отбасы (1500 адам) баспанамен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 338 пәтер сатып алынып, көшуге ниет білдірген тұрғындар комиссия шешімінің оң қорытындысын алып, келісімшартқа отырып жатыр.

Соның ішінде 70 отбасы пәтер алды. Биыл қосымша 150-200 пәтер сатып алу жоспарланған.

Қызылсай ауылында өрт салдарынан үйсіз қалған 6 отбасыны баспанамен қамту бойынша әкімдік тарапынан жұмыс ұйымдастырылуда.