Мыңнан астам адам атыс қаруын өз еркімен тапсырды – ІІМ

0
759

Бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты акция Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ұлытау облыстарында аяқталған.


Мыңнан астам адам атыс қаруын өз еркімен тапсырды – ІІМ

ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды, деп жазады baq.kz.

"Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ жыл сайын халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар өткізеді. Аталған акция 25 сәуірде басталды, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88,7 млн теңге бөлінді. Іс-шара қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 1 мыңнан астам азамат жүгінді, олар 1,3 мың атыс қаруын, 9 мыңнан астам ойық қару патрондарын өз еркімен тапсырды", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты акция Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ұлытау облыстарында аяқталған.

"ІІМ халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шараларды 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқанын атап өту қажет. Осы кезеңде азаматтар өз еркімен жалпы 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн-нан астам ойық қару патрондарын тапсырған", - деді ол.