"Найзағай соққан болуы мүмкін": Өскеменде экс-әкімнің өлі денесі табылды

0
2 038

Марқұм Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының экс-әкімі Тұрсынғазы Мұсапірбеков болып шыққан.


ERNUR.KZ. 14 маусымда Өскеменде Үлбі өзенінің жағасында адамның денесі табылды. Өлімнің алдын-ала себебі - найзағай соққысы, деп жазады Stan.kz.

Хабарламадан кейін полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Марқұмның жеке басы анықталды. Ол 66 жаста болған.

ШҚО бойынша алдын ала тергеу басталды, оның шеңберінде қайтыс болу себептерін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Марқұмның найзағай соққаннан кейін қайтыс болғаны айтылды.

Сондай-ақ, денеде зорлық-зомбылықтың ешқандай белгілері болмағанын атап өтті.

Марқұм Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының экс-әкімі Тұрсынғазы Мұсапірбеков болып шыққан.

Ол аймақтағы көрнекті саяси қайраткер. Мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 10 жыл Семей қаласы әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін Абай ауданын басқарды.