27 маусымға қараған түні күннің қатты күркіреуі көптеген елорда тұрғындарының тәтті ұйқысын бұзды.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде қолданушылар өте әсерлі фотосуреттер мен видеоларды бөлісіп жатыр, олардан кенет найзағай қара аспанды қақ айырғанын көруге болады, деп жазады Аlmaty.tv.
Астаналықтар қорқынышты тарсылдан оянып кеткендерін жазып жатыр. Күннің күркілі көптеген адамдардың зәресін ұшырған.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның астанасында 27 маусымда ауа райы бұлтты болады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Күндіз және түнгі уақытта 17-19 градус жылы болады.
Кеше Солтүстік Қазақстанда дауыл үйлердің шатырын қиратып, ағаштарды құлатты.