Науқастар АИТВ жұқтырған Алматы ауруханасындағы бас дәрігер жұмыстан босатылды

0
969

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нариман Табынбаевтың денсаулық жағдайына байланысты 1 тамыздан бастап жұмыстан босатылғанын хабарлады.


Науқастар АИТВ жұқтырған Алматы ауруханасындағы бас дәрігер жұмыстан босатылды

ERNUR.KZ. Науқастар АИТВ инфекциясын жұқтырған Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Нариман Табынбаев жұмыстан босатылды. Ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нариман Табынбаевтың денсаулық жағдайына байланысты 1 тамыздан бастап жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Байқау кеңесі конкурсын өткізгенге дейін 1 қыркүйектен бастап "Орталық қалалық клиникалық аурухана" директорының міндетін атқарушы лауазымына Серікжан Сабыралиев тағайындалды.

Серікжан Сабыралиев 2007 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін "емдеу ісі" мамандығы бойынша, 2008 жылы М. Әлиев атындағы Қазақстан медицина университетін, "урология" мамандығы бойынша интернатураны, Денсаулық сақтау магистрі, 2015 жылы - City University LONDON, UK, Лондон, Ұлыбритания, магистратура - (MSc)"Денсаулық сақтау саласындағы саясат және менеджмент" бітірген.

Естеріңізге сала кетейік, маусымның ортасында Алматы ауруханасының үш пациентінде АИТВ анықталып, кейін Денсаулық сақтау министрлігі тергеуді бастаған еді.

Тергеу нәтижелеріне сәйкес, үш пациенттің инфекциясы, ең алдымен, адами фактормен байланысты, атап айтқанда, инвазивті манипуляцияларды жүргізу кезінде аурухананың орташа медициналық қызметкерлерінің операциялық процедура стандарттары бұзуынан, олардың қызметіне бақылаудың болмауынан жұққан.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, пациенттер вирусты инъекция, жүйе немесе катетер арқылы жұқтыруы мүмкін.