Аллаға шүкір, тәуелсіздіктің 27 жылында қазақстандықтар басқа мемлекеттегі сияқты еш жерде малай болған жоқ.
ERNUR.KZ.Президент Нұрсұлтан Назарбаев Самал Еслямованың "Айка" фильміндегі жұмысына баға берді. Эмигранттар туралы сөз қозғаған Елбасы қазақстандықтар еш жерде малай болмағанын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Самал Еслямова фильмде Қазақстанды жақсы насихаттады. "Үздік әйел рөлі" сыйлығын да алды. Бастысы, эмигранттардың шетелдегі жағдайын көрсетті.
Аллаға шүкір, тәуелсіздіктің 27 жылында қазақстандықтар басқа мемлекеттегі сияқты еш жерде малай болған жоқ. Ол осындай халықтың өмір қиындығын зор талантпен, өнермен көрсете білді", - деді Назарбаев.
Самал Еслямова бүгін Ақордаға шақырылған әйелдер қауымының қатарында болды.
Іс-шарадан соң актриса өз ойымен бөлісіп, президенттің жақсы адам екенін айтты.