​Назарбаев Трамптың ісіне қол шапалақтауға болатынын айтты

0
1 315

Не жайлы келіскенін нақты білмесек те, бүкіл әлем әрі қарай не боларын күтіп отыр.


​Назарбаев Трамптың ісіне қол шапалақтауға болатынын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен КХДР арасындағы келіссөзге оң бағасын беріп, осы бағытта жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті, деп жазады Tengrinews.kz

"Бұған дейін де Солтүстік Корея жайлы айтқанбыз. АҚШ президенті Дональд Трампқа қол шапалақтауға болады. Ол бизнесмен ретінде нақты іспен айналысып, пайдасын көргісі келеді. Солай жасады да, біз оған қол шапалақтаймыз. Шын мәнінде, кездесу өткізіп, келісімге келді. Не жайлы келіскенін нақты білмесек те, Солтүстік Корея бұл келісімнің орындалуын күтетін шығар. Құрама Штаттар мен бүкіл әлем әрі қарай не боларын күтіп отыр", - деді Назарбаев Astana Club отырысында.

"Бұл келіссөзді жалғастырып, істі соңына дейін жеткізу керек. Осы келіссөзден кейін Солтүстік Корея зымыран ұшыруын тоқтатып, ядро қаруын сынақтан өткізуді қойды. Бұл барлғымыз үшін жақсы жаңалық", - деп атап өтті Елбасы.

Президент көрші елдердің КХДР-ді аймақта ядро қаруын дамытуға жол бергені үшін сынаудың қажеті жоқ деп есептейді.

"Неге ядро қаруына Үндістанда, Пәкістанда жол берілді? Неліктен Израиль ядро қаруына ие? Екіұшты көзқарас танытпайық. Бүкіл әлем, оның ішінде АҚШ та халықаралық келісім мен келісімшарттар болса да үндемей келді. Мұның барлығын қайта қарауымыз керек", - деп мәлімдеді Назарбаев.