Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанмен, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген.
фото: ашық дереккөзден
Қазақстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы жоспарланып отыр.