Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауы өзгере ме – министр жауабы

0
846

Бейсембаев қаржыландыру мәселесінде эмоцияға беріліп, асығыс шешім қабылдауға болмайтынын айтты.


Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауы өзгере ме – министр жауабы

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауы мен қаржыландыру көлеміне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады sputnik.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауы мен қаржыландыру көлемі өзгере ме деп сұрады.
Бейсембаев білім беру ұйымының атауын өзгерту жоспарда жоқ екенін айтты.
"Бірден айтайын, күн тәртібінде мектептердің атауын өзгерту туралы мәселе тұрған жоқ. Ал қаржыландыруға келсек, аталған мектептер өміршеңдігін көрсетті, біз оң нәтиже байқап отырмыз. Қазір осы ұйымның қамқоршылық кеңесі өзгеріп жатыр. Болашақта сіз айтқан мәселелер күн тәртібіне енетін шығар. Мен осы ұйымның қамқоршылық кеңесінің күн тәртібіне осы мәселелерді шығаруға тырысамын", - деді министр.
Бейсембаевтың пікірінше, қаржыландыру мәселесінде эмоцияға беріліп, асығыс шешім қабылдамау керек.