Назарбаевқа Ассамблеяға өмір бойы төрағалық етуден бас тарту құқығы беріледі

0
435

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.


Назарбаевқа Ассамблеяға өмір бойы төрағалық етуден бас тарту құқығы беріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуден бас тарту құқығы беріледі. Тиісті қаулыға үкімет қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Adilet.zan.kz сайтында хабарланғандай, президенттің жарлығына өзгерістер енгізу ұсынылған.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылдың 7 қыркүйегіндегі №149 Жарлығына Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсі", - делінген құжатта.

5-тармақ бойынша мынадай редакция ұсынылады:

Қазақстан Республикасының президенті:

1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

3) Ассамблеяның басшылық лауазымды қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;

4) Ассамблея сессиясына шақырады;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ құжат келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылған:

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасыға өмір бойы Ассамблеяны басқару құқығы тиесілі, одан ол бас тартуға құқылы".

Қазақстан үкіметі жарлықтың осы жобасын мемлекет басшысының қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды.