Назарбаеы «Агрофирма Эксимнанның» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

0
1 368

Ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды енгізу керек.


Назарбаеы «Агрофирма Эксимнанның» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

Елбасы облыстың ауыл шаруашылығы алқабын аралап көріп, егін ору науқанына дайындық барысымен танысты, сондай-ақ биыл Солтүстік Қазақстан облысының мол астық жинайтынына сенім білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті өңір шаруаларымен әңгімелесу барысында ауыл шаруашылығы өнімін әртараптандырып, мал шаруашылығын дамыту қажеттігін атап өтті.

Бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, өндіріске ғылыми және цифрлық технологияларды енгізу керек. Қайта өңдеу саласын дамытпай, еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кәсіпорындар жетекшілері еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен аграрлық секторға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы облыс зауыттарында құрастырылатын тракторлар, комбайндар және басқа да астық жинауға арналған техникалар қойылған ауыл шаруашылығы көрмесін аралап көрді.