“Несие тарихы” кесірінен баспана ала алмай отырғандарға қолдау көрсетіледі

0
2 153

Бұл қатып қалған көрсеткіш емес


 “Несие тарихы” кесірінен баспана ала алмай отырғандарға қолдау көрсетіледі

ERNUR.KZ. Бұл мәселе облысқа көшпелі мәжіліспен келген сенат депутаттарының қатысуымен қызу талқыланды, деп жазады altaynews.kz.

Сенаторлар несие өтінімдерін қарастырған кезде банктер несие алушылардың несие тарихының әртүрлі мерзімдерін қарастыра отырып, әлеуметтік қарыз алушылардың несие тарихтарын бағалауда әр түрлі тәсілдерді қолданатынын да ашық айтып, бұл ретте екінші деңгейлі банктердің Президент ұсынған бағдарлама аясында баспана алу мүмкіндігі бар тұрғындарға мейлінше қолдау білдірулері, барлығы бірдей жүйеде жұмыс істеуі керектігін атады.

"Себебі, елімізде он жыл бұрын заттай алған несиесінің тарихына бола бүгінде үй алу мүмкіндігінен айырылған адамдар жетерлік. Бұл енді адамдарға жасалған қиянаттай көрінеді. Сондай-ақ, 20 пайыз алғашқы жарнаны да азайту мүмкіндіктерін қарау керек. Бұл қатып қалған көрсеткіш емес қой. «7-20-25» бағдарламасын іске асыруда қазіргі кезде азаматтардың төлем мүмкіндігі, өңірлерде баспаналардың жеткіліксіздігі және несие тарихына байланысты азаматтардың өту-өтпеу мәселесі өте өзекті болып тұр. Банктер бірінші кезекте Елбасының бағдарламасын орындауға, тұрғындарға неғұрлым көбірек баспана алуға мүмкіндік туғызуы қажет," деді жиында пікірін білдірген Парламент Сенатының депутаты Гұмар Дүйсенбаев.

Несие тарихына қатысты сөз алған облыстағы Центркредит банкінің өкілдері өздерінде 2013 жылға дейінгі алынған несиелердің тарихы мүлде қарастырылмайтындығын, тұрғындарға барынша жеңілдік қарастырылғанын айтты.