Несиесін жабу үшін: ​Құран кәрімді 5 млн теңгеге саудалап жатыр

0
1 622

Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген.


Несиесін жабу үшін: ​Құран кәрімді 5 млн теңгеге саудалап жатыр

иллюстрациялық фото

Ең қымбат Құранның бағасы 5 млн теңгеге дейін жетеді. Бір қызығы, әлеуметтік желіге хабарландыру бергендер өздерінің материалдық жағдайын түзеп алуды көздейтін көрінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Еліміздегі ең қымбат Құран Кәрімнің бірі саудаға қойылды. Сатушы 5 млн теңгеге бағалап отыр. 18 ғасырдан бері бір парағы да бүлінбей, осы күнге дейін жеткен көрінеді. Дәл осы тектес, әлеуметтік желіде абарландырулардан көз сүрінеді. Бірақ, оның түпнұсқасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ал, қасиетті кітапты сатып пайдаға кенелгісі келгендер, осы арқылы несиелерін жабуға ниетті.

2018 жылы еліміздегі ең қымбат Құран кітап 15 млн теңгеге саудаланыпты. Бүгінде бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арзандаған. Мәселен, 200 жылдан бері сақталып келе жатқан кітаптар 2,5 млн теңгеге бағаланып отыр. Ал, хабарландыру бергендер өтетініне сенімді. Кұран сатуды кәсіпке айналдырғандар айтқан бағаға алатын клиенттерді жылдар бойы күтуге дайын.

Жалпы, асыл дінімізде қасиетті Құранды саудалау бойынша қатаң тыйымдар жоқ екен. Сондықтан, Құранды басып шығарған кәсіпкер, әдебиетті шығындарды өндіріп алу үшін сатып, ақша табуға құқылы. Бірақ, құнығып, оны табыс көзіне айналдырмау керек. Сондай-ақ, дін өкілдері ысырапшылыққа да салынуға болмайтынын ескертеді.

"Ал, енді мынау кітап бұл шығарушының қандай мақсатта шығарғандығына байланысты. Егер, ол кітапты қаражат жұмсап, ол қағазын сатып алады. Оның сиясы бар, баспаханаға төлейді. Ақшасын белгілеп, Құран кітап, осы кітап осынша ақшаға енді ол кітап халіне келді. Сол бағада саудаға қойса болады. Мысалы дүкендерде", дейді ҚМБД шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары ХАСАН АМАНҚҰЛОВ.
Еліміздегі сатылымға қойылған Құран кітаптарының бағасы әлемдегі Құрандармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, ең қымбаты 2015 жылы АҚШ-та біздің ақшаға шаққанда 1 млрд теңгеге саудаланды. Ол 1203 жылы басылыпты. Осы уақытқа дейін бүлінбей сақталып келген.