"Нөсер жаңбыр, тұман мен найзағай болады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

0
223

Аптаның соңына дейін ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.


ERNUR.KZ. Қазгидромет еліміз бойынша 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Ел аймақтарында циклон, жауын-шашын мен күшті жел болады, деп жазады Stan.kz



Синоптиктердің мәліметінше, 10 қазаннан бастап циклон батысқа, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігіне әсер етеді. Салдарынан нөсер жаңбыр (қар аралас жауын), 15-29 м/с дауыл желдің күшеюі, қарлы боран мен көктайғақ болады.

Республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай мен жаңбыр болып, таулы аудандарда нөсер мен тұман күтіледі.





  • батыста күндіз 5-13 градусқа дейін жылы;
  • оңтүстікте 20 градус жылы;
  • солтүстікте 1-5 градус аяз;
  • оңтүстікте 2 градус жылы;
  • республиканың орталығында және шығысында 5-13 градус жылы;
  • елдің оңтүстігінде 7-12 градус жылы болады.