Нұр-Cұлтан қаласында жаңа екі саябақ салынады

0
1 734

Саябақтар Бейбітшілік және Келісім сарайынан бастап «Нұрлы жол» вокзалына дейін 6 шақырымды алып жатқан «Мыңжылдық» аллеясының бойымен орналасады.


Нұр-Cұлтан қаласында жаңа екі саябақ салынады
ERNUR.KZ. Жақында Нұр-Сұлтан тұрғындары тағы да жаңадан ашылатын екі саябақта серуендейтін болады, деп жазды Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында, деп жазады sn.kz.

"Біз ол саябақтарды Бейбітшілік және Келісім сарайынан бастап «Нұрлы жол» вокзалына дейін 6 шақырымды алып жатқан «Мыңжылдық» аллеясының бойынан орналасуын жоспарладық. Жоспарымыз бойынша Аллеяның өзі де – «Нұржол» бульвары, Президент саябағы, Бәйтерек, ғашықтар саябағы бойынша қаланың орталық белдігін жалғастыратын үлкен әрі демалушыларға ыңғайлы жасыл саябаққа айналады. Бульвардың нақ ортасында орналасатын жаңа Қазақ драма театры осы жердің ең басты нысаны болмақ. Ал оны бойлай ұлттық, азиялық және еуразиялық сәулет стилінде тұрғын үйлер салынады. Біз Аллеяның орталық бульварын жобалау бойынша конкурс жариялап қойдық. Ал жақында өткен қала құрылысының кеңесінде оны айнала қоршайтын тұрғын үй кешендерінің жобаларын қарадық. «Мыңжылдық» ауданының жаңа келбетіне қалалықтар өз бағасын беретініне сенімдімін" - деді қала әкімі.

«Мыңжылдық» аумағының ауданы 1,2 мың гектарға жуық. Аумақтың 10% игеріліп, жол және инженерлік желілерінің 50% салынды.