Nur Otan еліміздегі әрбір мектепте IT-сыныптар ашуға мүмкіндік жасап отыр

0
1 334

Жаңа ұрпақ өкілдері әлемнің технологиялық жағынан озық үлгідегі білім мен тәрбие алған замандастарымен терезесі тең болуын ойластыруымыз қажет.


Nur Otan еліміздегі әрбір мектепте IT-сыныптар ашуға мүмкіндік жасап отыр

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары ұстаздармен бірге Nur Otan партиясы бағдарламасының екінші мақсатының жүзеге асырылуын талқылады, деп жазады BAQ.KZ.

Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева мен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ихсанованың қатысуымен Nur Otan партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының «Әрбір адам үшін қолжетімді болашақ білімі» атты екінші мақсатының жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Гүлмира Исимбаеваның айтуынша, партия бағдарламасының аталған мақсаты әрбір адам үшін қолжетімді, болашақ білімді ұйымдастыруды, қазақстандықтардың инновациялық жаңа буынын дайындауды, білім саласына ең озық мамандарды тарту, білім жүйесін дамытуды көздейді.

«Жаңа ұрпақ өкілдері әлемнің технологиялық жағынан озық үлгідегі білім мен тәрбие алған замандастарымен терезесі тең болуын ойластыруымыз қажет. Nur Otan партиясының XVIII съезінде Елбасы партия алдындағы осы бағытта атқарылар стратегиялық тапсырмалар жүйесін белгілеп берді. Тұңғыш Президент бұдан басқа да өзекті мәселелерді көтере отырып, жалпы білім жүйесін жаңғыртуды, үштілде оқытуды, бүгінгі оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді, қолжетімді білім алуды қамтамасыз етуді тапсырды», - деп атап өтті Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі.

Бүгінде Nur Otan партиясы еліміздегі әрбір мектепте IT-сыныптар ашуға, шәкірттерді компьютерлік бағдарламалар жасауға ынталандыруға, олардың бойындағы интелектуалдық таланты мен қасиеттерін ашуға білім мекемелері арқылы барлық мүмкіндікті жасап отыр.

Дөңгелек үстел барысында алматылық ұстаздар өздерін толғандырып жүрген жаңа оқу бағдарламасындағы толықтыратын олқы тұстары туралы, үштілділікті енгізу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық ой-өрісін өсіруге қажетті методикалық-әдістемелік оқу құралдарының сапасын жақсарту және басқа да білімге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын қорытындысында бірқатар нақты ұсыныс айтылып, олар тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.