Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды

0
629

Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтуде.


Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Парламент Мәжілісі сайлауына арналған партиялық тізімді, партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту жоспарланып отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Күні кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өткен болатын.

Бюро мен Саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім бүгінгі Nur Otan партиясының ХХ съезінде ұсынылады.

БАҚ съезд туралы «Қазмедианың» 21-қабатындағы баспасөз орталығынан ақпарат таратып отыр. Санитарлық талаптар барынша қамтамасыз етілген.

Журналистер арақашықтықты сақтап, маска тағып отыр.