Карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол.
ERNUR.KZ. Бүгін, 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай режимінің ұзартылатынын жариялады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында да карантин режимі ұзартылды, деп жазады zakon.kz.
"Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы" - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.
15 сәуірде елімізде төтенше жағдай енгізу туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысының мерзімі аяқталады.
"Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр", - деді Президент бүгін Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында.