Нұр-Сұлтан әуежайының сайтына хакерлер шабуыл жасады

0
1 094

​Хакерлер елорда әуежайының сайтына шабуыл жасаған, бір сағат ішінде сайт жұмысы қалпына келтірілді.


Нұр-Сұлтан әуежайының сайтына хакерлер шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар мессенджерлерде Нұр-Сұлтан әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы жазып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Хабарламада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалғаны, сол арқылы Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын ресейлік ұшақтарға "тоқта" сигналдары жіберілгені айтылған.
Ақпаратқа қатысты әуежайдың баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының nn-airport.kz сайтына бүгін шамамен сағат 12:20-да бірнеше рет шабуыл жалғаны тіркелді. Сайтқа жасалған шабуылға тойтарыс берілді, сайт жұмысы сағат 13:20-да қалпына келтірілді", - деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Оның айтуынша, сайт ешқандай хабарлама жібермейді.