Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында өрт шықты

0
1 723

Құрбан болғандар мен жапа шеккен ешкім жоқ.


Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында өрт шықты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тілсіз жауды сөндірді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Бүгін 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр 69 мекенжайы, Шапағат базарына шақыртуға аттанды. Бара салысымен шатырдың және сыртқы жабынды қабаттың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Мәліметке сай, оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылған. Құрбан болғандар мен жапа шеккен ешкім жоқ. Өртті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға қарасты 8 техника мен 32 маман сөндірді.

Өрт сағат 23:05 ауыздықталды.