"ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов порталдың он миллионыншы eGov.kz порталының пайдаланушысын құттықтады.
ERNUR.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Электрондық үкімет порталының он миллионыншы пайдаланушысы тіркелгенін хабарлады, деп жазады Тengrinews.kz.
Ол өзінің 16 жастағы ұлының жеке куәлігін рәсімдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-на келген, елорда тұрғыны Мереке Әбішев болды. ХҚКО қызметкерлері Әбішев мырзаға eGov.kz порталында қызметтерді оңай және оңтайлы алу тәсілі туралы айтып берді. Пайдаланушының айтуынша ол өзі зейнетақы қорынан үзінді көшірмені электронды түрде алып үлгерді жәнеде енді мемлекеттік "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-на бармай-ақ, қызметтерді eGov.kz арқылы алуға ниетті.
"ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов порталдың он миллионыншы eGov.kz порталының пайдаланушысын құттықтады.
"Біз үшін бұл өте маңызды оқиға. Он миллион пайдаланушы - бұл Қазақстанның ересек халқының 70 пайызынан астамы "электрондық үкімет" порталының қызметін пайдаланады деген сөз. "ҰАТ" АҚ командасы және мен үшін, бұл жағдай портал жұмысын жетілдіруге барынша күш салуға ынталандырады. Мен біздің eGov mobile және әлеуметтік желілердегі чат-боттар сияқты жаңа сервистеріміз де қазақстандықтар арасында танымал болғанын қалаймын", - деді Әсет Тұрысов.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және порталдың танымал болуы eGov.kz порталын халық арасында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің нақты үйлестіруімен және "Азаматтарға арналған үкімет" МК " КЕАҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылады.
ҚР ЦДИАӨМ тіркелген пайдаланушылар санын үнемі қадағалап отырады, орташа есеппен күн сайын порталға 8 000-нан астам қазақстандық қосылады.
"ҰАТ" АҚ-да атап өткендей, пайдаланушылар санының өсуі ағымдағы жылдың соңғы 6 айында тіркелді. Бұл соңғы жылда жүзеге асырылған, көптеген қызметтерді ұсыну процесстерінің жетілдірілуіне және де "бала туу бойынша белсенді қызметтің", автокөлікті онлайн тіркеу және т.б. сол сияқты ыңғайлы сервистердің енгізілуіне байланысты болуы мүмкін.
Кездесуде "ҰАТ" АҚ қызметкерлері Мереке Әбішевке Egov mobile және Телеграмм, Facebook және ВКонтактедағы чат-боттар сияқты жаңа қызметтер туралы әңгімелеп берді. Және Әбішев мырза бірнеше минут ішінде EgovKzBot2.0 арқылы бірнеше анықтама алды.
Естеріңізге сала кетейік, eGov.kz порталында 259 қызмет пен 95 сервиске қолжетімді. Электрондық үкімет порталы арқылы қазақстандықтар анықтама алып қана қоймай, сонымен қатар айыппұлдарды онлайн төлей алады, салық берешегін және тағы басқаларын көре алады.