Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен 5 жастағы қыз көз жұмды

0
467

Оқыс оқиға 1 ай бұрын болған. Сол күні бүлдіршінді көршісі төменнен қағып алып құтқарып қалған еді.


Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен 5 жастағы қыз көз жұмды

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен 5 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 1 ай бұрын болған. Сол күні бүлдіршінді көршісі төменнен қағып алып құтқарып қалған еді. Алайда баланың өмірі ауруханада үзілді.


«Оған дәрігерлер тарапынан барлық көмек көрсетілді. Нейрохирургия бөлімінде ем алды. Өкінішке қарай, бүлдіршін алған жарақаттан көз жұмды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Раушан Арманқызы.