Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

0
521

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан. Осылайша ол қыздың жеңіл жарақат алуына себепші болған.


Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, бала түрлі дене жарақатын алған.

"31 шілдеде ауруханаға 2017 жылы туған науқас жеткізілді. Бала нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Ол түрлі жарақат алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтауда ем қабылдап жатыр. Бала толықтай емделіп және тексеріліп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тілшіге.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан. Осылайша ол қыздың жеңіл жарақат алуына себепші болған.