Нұр-Сұлтанда АҚШ елшілігінің ғимаратына ЛГБТ туы ілінді

0
922

17 мамыр - гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күрес күні.


Нұр-Сұлтанда АҚШ елшілігінің ғимаратына ЛГБТ туы ілінді

Ғаламторда Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ғимаратына ЛГБТ қауымдастығының туы ілінген сурет жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.




"Бүгін біз гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы (IDAHOBiT) күрестің жыл сайынғы Халықаралық күнін атап өтеміз. Қазақстанда, әлемнің басқа да кез келген елде сияқты, ЛГБТИ-қауымдастығының көптеген өкілдері зорлық-зомбылыққа немесе стигматизацияға ұшыраудан қорқып, үнсіз қалады.
Адам құқықтары әмбебап және ЛГБТИ-қауымдастығы өкілдері басқалармен бірдей құрметтеуге, бостандыққа және қорғауға құқылы. Біз бүкіл әлемдегі адамдарды жыныстық бағдарға, гендерлік бірегейлікке және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларға қарамастан, барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігін бекітуді қолдаймыз"
, - деп жазылған АҚШ елшілігінің Facebook-тегі парақшасында.


Мәлімдемеге Германия, Греция, Израиль, Испания, Италия, Канада, Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Португалия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Африка Республикасының елшіліктері, сондай-ақ Еуропалық Одақ делегациясы қосылды.

Өткен жылы, 11 қазанда, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінде осы ту ілінген болатын.