Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты такси бағасы үш есе қымбаттады

0
493

Жүргізушілер бағаның қымбаттауын көлік доңғалақтарының шинасын әлі ауыстырып үлгермегендіктен болып отыр дейді.


Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты такси бағасы үш есе қымбаттады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты такси бағасы үш есе өсті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бас қалада қазанның 4 күні түнімен қар жауып, ертеңгісін көшелерде кептеліс болды. Осы жағдайды тиімді пайдаланған таксистер тарифті екі есе қымбаттатып үлгерген.

Мысалы, Ш. Уалиханов, 25/2 ˗ Қорғалжын тас жолы, 21 мекен-жайына бұрын шамамен 1200 теңгеге қатынайтын қала тұрғыны Әйгерім бүгін 3726 теңге («DIDI» компаниясы) төлеуге мәжбүр болды.

«Yandex»-те жұмыс істейтін Аманжол есімді такси жүргізушісі бағаның бұлай қымбаттауын көлік доңғалақтарының шинасын әлі ауыстырып үлгермегендігімен және жол-көлік апатының жиілеуі мүмкін екендігімен түсіндіреді.

Жол тарифі таңғы 8-ден 10:30-ға дейін және кешкі кептеліс кезінде қымбаттайды.