Нұр-Сұлтанда аудан әкімі ұсталды

0
648

Әзірге бұл жаңалықты ресми растау немесе теріске шығару болған жоқ.


Нұр-Сұлтанда аудан әкімі ұсталды

ERNUR.KZ. Желіде Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Бұл мәліметті өзінің телеграмм-каналында Ербол Еділов жариялады.
Кей мәліметтер бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтанның Байқоңыр ауданы әкімі Асқар Есілов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді ол.
Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеді. Әкімдіктегілер ресми ақпарат күтуде.