Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

0
557

​Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.


Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп жазады sputniknews.kz.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.


"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.


Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.