Нұр-Сұлтанда ДСМ қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға айыппұл салынды

0
524

ПД өкілдері мұндай мінез-құлық заң бойынша әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке дейін қудаланатынын еске салды.


Нұр-Сұлтанда ДСМ қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға айыппұл салынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Еске салайық, 19 шілдеде бірнеше әйел өткізу ережелеріне қарамастан Министрліктер үйінің ғимаратына басып кірмек болды.

"Олар полиция қызметкерлеріне әдепсіз тіл тигізіп, турникеттен өтпек болып оларды ұрып, теуіп, күзетшілер мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне су шашты.
Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлері диалог жүргізуге, мәселелерді түсінуге және олардың шешімін табуға тырысып жатқанда, әйелдер былапыт сөздер айтып, оларға жұдырық ала жүгірді, киімдеріне жармасты", - деп хабарлады полиция өкілдері.

ПД өкілдері мұндай мінез-құлық заң бойынша әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке дейін қудаланатынын еске салды.

"Заңға қайшы әрекеттері мен бұзақылық әрекеттері үшін алты әйел әкімшілік жауапқа тартылып, әрқайсына 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Еске салайық, 19 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында вакцинацияны тоқтатуды талап еткен адамдар шенеуніктерге шабуыл жасады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқиғаға түсінік берді.