Әйел алған жарақатынан оқиға орнында жан тәсілім етті.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда куәгерлер 7-ші қабаттан құлаған әйелді кездейсоқ видеоға түсіріп алды. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Stan.kz.
Елордадағы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 пультіне Достық көшесінің бойындағы үйлердің 8-ші қабатындағы балконнан әйел құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында жан тәсілім етті.
"Елордалық 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Әйел құлаған кезде марқұмның туыстары үйде болған. Аталған факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.