​Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте жолақыны банк картасымен төлеу мүмкіндігі пайда болады

0
800

VISA және Mastercard карталары және NFC жүйесі бар смартфон көмегімен төлем жасауға болады.


​Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте жолақыны банк картасымен төлеу мүмкіндігі пайда болады
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте жолақыны банк картасымен төлеу мүмкіндігі пайда болады, деп жазады sputnik.kz

City Transportation Systems көлік компаниясының ақпаратына сәйкес, жаңашылдық пилоттық режимде іске қосылды. 31 қазанға дейін сыналады.

"VISA және Mastercard карталары және NFC жүйесі бар смартфон көмегімен төлем жасауға болады. Транзакцияны іске асыру үшін валидатор жанындағы терминалға карта басу жеткілікті", - деді компанияда.

Әзірге мұндай мүмкіндік №61 қалалық бағдар мен қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 автобустарында қарастырылған. Оларда арнайы жапсырма қағаз болады.

Көлік компаниясында жоба сәтті жүзеге асса, астанадағы қоғамдық көліктер осы жүйені де енгізілетінін айтты.

Қазіргі уақытта астаналықтар мен қала қонақтары жолақыны көлік картасы немесе QR-код арқылы төлеп жүр. Жолақы құны - 90 теңге, оқушылар үшін тегін.